Skip to content

«Жұмбақ Көкшетау» танымдық саяхаты Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар…

«Жұмбақ Көкшетау» танымдық саяхаты

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар жылы» аясында 18-26 тамыз күндері аралығында өлкеміздің 13-16 жастағы білім алушылары Көкшетау қаласына саяхаттап қайтты. Танымдық бағытта ұйымдастырылған 3 күндік саяхатқа 40 бала қамтылды.
Жас саяхатшылар «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану», «Көкшетау қаласының тарихы», «Әдебиет және өнер», «Мәлік Ғабдуллин» атындағы музейлерін аралап, арқаның кербезі атанған Көкше өңірінің көрікті жерлеріне және қаланың солтүстік-батыс іргесінде орналасқан «Қопа көлінің» жағалауында серуендеді. Білім алушыларды қосымша біліммен қамтамасыз етуге бағытталған, заманауи үлгідегі ғимараттардың бірі «Bolashaq Saraiy» ордасын аралап, өнер, спорт, ғылыми-техникалық, IT салаларының үйірме жұмыстарымен танысып, тәнті болды.
Ерекше сұлу табиғатымен, таза ауасымен, мәңгі жасыл ормандарымен кез-келген адамды баурап алатын Бурабай қалашығындағы ғажайып жерлердің бірі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағына, «Абылай хан» алаңына, «Оқжетпес тауына», «Жұмбақтас» жартасы секілді аңызға айналған орындарға саяхаттап, керемет әсер алды.

#Балажылы2022
#туризмөлкетанубағыты
#экскурсия

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *