#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің «Еуропа – Азия» облыстық туристік фестивалі
13-14 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік – өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында «Еуропа – Азия» облыстық туристік фестивалі Түпқараған ауданы, Таушық ауылында өткізілді.
Фестивальге жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 48 педагогі қатысты.
Қатысушылар фестивальдің теориялық кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған туристік мақалаларын, туристік жорықтар аясындағы жорық картасы мен күнделігін ұсынып, онлайн сабақ бейнеролигін көрсетті. Туристік-спорттық кезеңде «жеке» және «спорттық лабиринт» қашықтықтары бойынша топ капитандары түрлі туристік кедергілерден өтіп, лабиринт ішіне жасырылған бақылау пункттерін карта-схема арқылы тапты. «Туристік тұрмыс және дағды» кезеңінде бивуак құру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен қажетті туристік құрал-жабдықтардың маңыздылығымен таныстырып, кешкі алау жанында бард әндері шырқалды.
Практикалық кезеңде педагогтердің туризмнің белсенді түрлері бойынша кәсіби шеберліктерін шыңдау, анықтау мақсатында «Аспалы өткел», «Қаз-қатар қадамдау» (гусиный шаг), «Параллельді өткел», «Бурелом», «Маятник», «Траверс», «Бабочка» сынды туристік кедергілер жолағы ұйымдастырылды.