Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні білім алушылардың қоршаған ортаға саналы түрде қарау, экологиялық мәдениетке қол жеткізу және рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу бағытында білім алушылардың «Экоәлем» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға аудан/қаладан барлығы 27 оқушы қатысты. Қатысушылар ережеге сәйкес, «Ауа экологтары», «Су экологтары», «Жер экологтары» тақырыптары бойынша берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру арқылы сынға түсті. Қазылар алқасы қатысушылардың еңбегін бағалап, төмендегідей марапатқа ҰСЫНДЫ:
1. 8 сынып бойынша қорытындысы:
I орын-Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лецейі, Мақсат Айназ;
II орын-Жаңаөзен қаласы, ЖБИЛ, Есеш Байдаулет;
II орын-Бейнеу ауданы, Үстірт ЖББМ, Садық Дархан;
III орын-Қарақия ауданы,№5 ЖББМ, Жексенбай Нұрай;
III орын-Жаңаөзен қаласы, №11 ЖББМ, Мұратбай Ақниет;
2. 9 сынып бойынша қорытындысы:
I орын-Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы ЖББМ, Сакенқызы Інжу;
II орын-Мұнайлы ауданы, №5ЖББМ, Абжет Каусар;
II орын-Жаңаөзен қаласы, №23ЖББМ, Утегалиева Арайлым;
III орын-Қарақия ауданы, №7ЖББМ, Жасбан Альбина;
III орын-Ақтау қаласы, Облыстық мектеп-интернаты, Аллаяр Әмина;
3. 10 сынып бойынша қорытындысы:
I орын-Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы ЖББМ, Шәудірбай Нұрзада;
II орын-Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясы, Махшарова Тұрсынай;
II орын-Қарақия ауданы, №5 ЖББМ, Деміш Нүршат;
III орын-Жаңаөзен қаласы, №19 ЖББМ, Абдулла Сымбат;
III орын-Ақтау қаласы, «Н.Марабаев атындағы №7 мектеп- лицейі» КММ, Самусенко Софияға білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!






