Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні білім алушылардың қоршаған ортаға саналы түрде қарау, экологиялық мәдениетке қол жеткізу және рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу бағытында білім алушылардың «Экоәлем» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға аудан/қаладан барлығы 27 оқушы қатысты.
Қатысушылар ережеге сәйкес, «Ауа экологтары», «Су экологтары», «Жер экологтары» тақырыптары бойынша берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру арқылы сынға түсті.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбегін бағалап, төмендегідей марапатқа ҰСЫНДЫ:
1. 8 сынып бойынша қорытындысы:
I орын-Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лецейі,
Мақсат Айназға;
II орын-Жаңаөзен қаласы, ЖБИЛ, Есеш Байдаулетке;
II орын-Бейнеу ауданы, Үстірт ЖББМ, Садық Дарханға;
III орын-Қарақия ауданы,№5 ЖББМ, Жексенбай Нұрайға;
III орын-Жаңаөзен қаласы, №11 ЖББМ, Мұратбай Ақниетке;
2. 9 сынып бойынша қорытындысы:
I орын-Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы ЖББМ,
Сакенқызы Інжуге
II орын-Мұнайлы ауданы, №5ЖББМ, Абжет Каусарға;
II орын-Жаңаөзен қаласы, №23ЖББМ, Утегалиева Арайлымға;
III орын-Қарақия ауданы, №7ЖББМ, Жасбан Альбинаға;
III орын-Ақтау қаласы, Облыстық мектеп-интернаты,
Аллаяр Әминаға;
3. 10 сынып бойынша қорытындысы:
I орын-Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы ЖББМ,
Шәудірбай Нұрзадаға;
II орын-Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясы,
Махшарова Тұрсынайға;
II орын-Қарақия ауданы, №5 ЖББМ, Деміш Нүршатқа;
III орын-Жаңаөзен қаласы, №19 ЖББМ, Абдулла Сымбатқа;
III орын-Ақтау қаласы, «Н.Марабаев атындағы №7 мектеп- лицейі» КММ, Самусенко Софияға білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
