Ақын Светқали Нұржан Айтман шығармашылығына арналған жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының «Маңғыстаунама – 2022» облыстық танымдық байқауы
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 30 қараша күні Қарақия ауданы, №8 жалпы білім беретін мектеп базасында ақын, аудармашы, драматург, қоғам қайраткері «Дарын», «Махамбет» және Т.Айбергенов атындағы сыйлықтар мен әдебиет бойынша Президент стипендиасының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Светкали Нұржан Айтман шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Маңғыстаунама – 2022» облыстық танымдық байқауы өткізілді.
Облыстық танымдық байқауға аудандық, жалпы және қосымша білім беру ұйымдарынан 53 білім алушы қатысты.
Қатысушылар ережеге сәйкес, «Жолайырық» көркемсөз номинациясында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Көкірегім – көне кітап» сөздік номинациясында ақынның шығармаларынан берілген диалект сөздерден сөздік дайындап, «Ей, менің жұмақ мекенім» зерттеу номинациясында ақынның саяхатта, түрлі шараларда болған жерлеріндегі бейнероликтерді пайдалана отырып, сол нысандар туралы зерттеу жобасын ұсынып, «Ақынға хат» эссе номинациясында оқушы өзін ойландыратын мәселелер туралы эссе жазып, ақынға сұрақ қойса, «Дауысымды кеттім қосып» ән номинациясында Светқали Нұржанның сөзіне жазылған әндерді жанды дауыста орындап шықты.
Байқау соңында оқушылар мен мұғалімдерге ақын Светқали Нұржан, Қарақия ауданы әкімі Қ. Беков және Қарақия аудандық білім бөлімі басшысы Қ. Бекқалинамен сұхбат ұйымдастырылып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
«Жолайырық»: Көркемсөз номинациясы бойынша:
I орынды – Шахимардин Мейіржан, Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
II орынды – Мұратұлы Бағдат, Бейнеу ауданы, Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
II орынды – Лесбай Малика, Ақтау қаласы, №19 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
III орынды – Зершал Іңкәр, Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
III орынды – Нұрланұлы Нұрсұлтан, Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
⬇️⬇️⬇️⬇️