«Бейнеу ауданы мектептерінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі»
тақырыбындағы облыстық семинар-кеңесі
Білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету және сапалы экологиялық білім беру жүйесін құру, экологиялық бағытта үздік атанған мектептердің іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында 2021 жылғы 14 мамырда «ZOOM» платформасы арқылы «Бейнеу ауданы мектептерінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен экология саласына жауапты мамандары, мектеп директорлары және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының қызметкерлері, барлығы 100 қатысушы қамтылды. Білім басқармасының «Ақтау қалалық білім бөлімінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарын зерделеу қорытындысы туралы» 2021 жылғы 9 наурыздағы №39 нқ бұйрығын орындау мақсатында өткізілген семинар-кеңесте Бейнеу ауданының жалпы білім беру ұйымдары экологиялық білім және тәрбие берудегі озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі әдістемелік орталығының директоры «Бейнеу ауданында экологиялық білім берудің жайы туралы», Бейнеу ЖББМ «Мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің тиімді жүйесі», Боранқұл ЖББМ «Боранқұл мектебінде жасалып жатқан жұмыстардың жайы», Опорный ЖББМ «Жасыл желек – мектебім» тақырыптарында атқарып жатырған жұмыстарымен таныстырып, бейнематериалдарын көрсетті. Семинар-кеңес барысында Бейнеу ауданы білім беру мекемелері аулаларында 19 мыңнан астам ағаш, 28 жылыжай бар екені айтылды.
Бейнеу мектебінің директоры Б. Оразалиев – экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін балалардың мінез-құлқында тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу және балалардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, экологиялық жұмыстардың (азаматтық, эстетикалық, гуманитарлық, ғылыми-танымдық, экономикалық, гигиеналық, агротерапиялық және кәсіпке баулу) 8 бағытта жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
⬇️⬇️⬇️