Skip to content

Бүгін 25 ақпан күні, “EcoWasteAqtau” ЖШС ұйымдастыруымен 7-9 шағынаудан маңындағы…

Бүгін 25 ақпан күні, “EcoWasteAqtau” ЖШС ұйымдастыруымен 7-9 шағынаудан маңындағы теңіз жағалауында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке “EcoAktau”, “Eco.Urpaq” еріктілері және “EkoMangystau” үкіметтік емес ұйымы, сонымен қатар қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындары мен орталық мамандары белсене атсалысты. 80-ге жуық экология жанашырлары қатысқан сенбілікте алдымен инструктаж жүргізіліп, қоқыстарды сұрыптап жинаудың тиімділігі көрсетілді. Жиналған қоқыстар қайта өңдеуге жіберілетін болады. Туған қаламыздың тазалығын бірге сақтайық!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *