Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған колледж және мектеп оқушыларының арасындағы республикалық сайт құру чемпионаты
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының және Халықаралық Бизнес академиясының ұйымдастыруымен жастардың рухани – адамгершілік дамуы, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, сондай-ақ цифрлық шығармашылық идеяларын танымал ету мақсатында, 23-25 сәуір күндері республикалық сайт құру чемпионаты қашықтықтан ұйымдастырылды.
Чемпионатқа республиканың 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерінен құралған барлығы 93 қатысушы, оның ішінде Маңғыстау облысынан 8 білім алушы қатысып, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының және Халықаралық Бизнес академиясының Грамоталарымен марапатталды.