«Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан іске» тақырыбындағы республикалық секциялык отырыстың ақпараты
2021 жылғы 5 тамыз күні ZOOM платформасында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтерінің «Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан – іске» тақырыбындағы секциясы қашықтықтан өтті. Секцияға туристік-өлкетану, экология-биология және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, дебат клубтарының басшылары мен жаттықтырушылары қатысты. Секциялық отырыс пікірталас, ғылыми техникалық шығармашылықтағы инновациялық тәжірибелер, ересектер мен балалар шығармашылық серіктестігінің табысты кепілі, өнер әлеміндегі балалар, экология-туризм-өлкетану бағытында 5 алаң бойынша ұйымдастырылды.
«Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығының» мамандары жоғарыда аталған туристік-өлкетану, экология-биология бағытындағы алаңдарға қатысып, көптеген мәліметтермен танысты.
Батыс Қазақстан облысы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» туризм және маршруттар қауіпсіздігі бөлімі «Спорттық бағдарлаушының заман талабына сай жабдықталуы»;
Павлодар облысы, «Ақсу балалар эко-техноорталығының» Ақсу қаласы білім беру бөлімі «Креативті идеялар мен шешімдер», «Экологиялық және биологиялық бағыттағы жобалау және зерттеу қызметі», «Робототехника – профессия будущего», «Формирование всесторонне развитой личностей воспитанника средствами туризма, краеведение и элементами спортивного ориентирования»;
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» «Елорда оқушыларымен туристік-өлкетану және экологиялық қызметтің ресурстық мүмкіндіктері», «Сақ қорғанының қорғаушысы», «Экологическое образование, наряду с информационным, гуманитарным, должно быть фундаментальной основной всей системы образования», «Өлкетану – ұлттық оқыту мен насихаттаудың маңызды бөлігі» тақырыптарында баяндама жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Секция соңында барлық қатысушыларға оқу-әдістемелік құралдар электронды нұсқада таратылды.