Skip to content

«Мектеп жылыжайларының тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбындағы облыстық әдістемелік кеңесі. Облыстық…

«Мектеп жылыжайларының тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбындағы
облыстық әдістемелік кеңесі.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ағымдағы жылдың 2 қазан күні «ZOOM» платформасы арқылы онлайн режимде «Мектеп жылыжайларының тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік кеңес өткізді.
Әдістемелік кеңеске облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жылыжай жетекшілері, экология-биология саласы бойынша жетекші мамандары және аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беру мектептерінің биология пәні мұғалімдерінен 50-ге жуық қатысушы қамтылды.
Әдістемелік кеңес барысында мұғалімдерді толғандырып жүрген мектеп жылыжайындағы тәжірибе барысында қолданылатын шығармашылық жұмыстардың түрлі формалары мен әдістері туралы сөз қозғалып, «Жылыжайдағы тәжірибе жұмыстары және агротерапиялық шараларды ұйымдастыру тәжірибесі», «Мектеп жылыжайындағы эксперименттік жұмыстар», «Жылыжайда гүл өсіру және парфюмерия кәсібіне баулу әдістері» тақырыптарында баяндамалары оқылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *