Орталықтың 23.02.2023 жылғы №14нқ бұйрығына сәйкес, өлкетану жұмысын ұйымдастыру мен жүргізудегі музей жетекшілерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Ақтау қаласы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарының музей жетекшілері арасында «Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Аталған шараға 36 білім беру ұйымының музей жетекшілері қатысты.
Семинарда Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоғаммен байланыс менеджері Наушабаева Алия Асқарқызы: «Музейдің қоғамдағы рөлі», С. Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының музей жетекшісі Мамедалиева Гульмира Дүйсенгалықызы: «Серікболтану: кеше, бүгін, ертең», М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының музей жетекшісі Бимағамбетова Ақерке Набиқызы «Мектеп музейі – рухани құндылықтар орталығы», Қарақұдық жалпы білім беретін мектебінің музей жетекшісі Бесінбаева Жания Өмірбайқызы: «Музей – тарихтың айнасы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.
Бағдарлама бойынша А. Наушабаева өзінің баяндамасында Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімдері, өлкетану бағытында атқарылып жатырған іс-шаралары және білім беру ұйымдарының білім алушыларына музей мамандарының дәріс өткізуге даярлығы туралы атап өтті.
