Педагог отбасылар арасындағы «Туризм – салауатты өмір салты»
облыстық жарысы
Білім басқармасының «Отбасы күніне» арналған іс-шаралар жоспарына және «Туған жер» бағдарламасына сәйкес, ата-аналар мен балаларды туризм саласы арқылы қоршаған ортамен байланыстыру, салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және қабілеттерін дамыту мақсатында, 22 қыркүйек күні педагог отбасылары арасында «Туризм – салауатты өмір салты» облыстық жарысы өткізілді.
Облыстық жарысқа жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен олардың педагог ата-аналарынан құралған 7 топ қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Таныстыру», «Өнерлі отбасы», «Ғажайып саяхат», «Туризм және біз», «Үздік турист», «Бірлігіміз жарасқан» номинациялары бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасы қатысушыларды төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
І орын – Маңғыстау ауданы, Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешені, Таймановтар отбасы «Отпан» тобы;
ІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебі, Ақмолдаевтар отбасы «Эверест» тобы;
ІІ орын – Бейнеу ауданы, Күйкен жалпы білім беретін мектебі, Ізімовтер отбасы «Батыр» тобы;
ІІІ орын – Ақтау қаласы, №14 жалпы білім беретін мектебі, Тоқтасыновтар отбасы «Толық адам» тобы;
ІІІ орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі Аманғалиевтер отбасы «Лидер» тобы.
Сонымен қатар, «Ғажайып саяхат» және «Өнерлі отбасы» номинациялары бойынша белсенділік танытқан Исаевтар отбасының «Ыстық ұя» тобы мен Дильмановтар отбасының «Қыран» тобы орталықтың дипломдарымен марапатталды.
#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты