Skip to content

Педагогтердің «Үздік бағдарлама – 2023» облыстық байқауы Білім басқармасының іс-қимыл…

Педагогтердің «Үздік бағдарлама – 2023» облыстық байқауы

Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қарашасында Ақтау қаласы, Туризм колледжінің базасында педагогтердің «Үздік бағдарлама – 2023» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Жалпы білім беру ұйымдарындағы туризм, экология және өлкетану үйірмелері жетекшілерінің білімдік – танымдық біліктілігін арттыру, педагогикалық идеялар мен практикаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген байқауға аудан, қалалардан 19 педагог қатысты.
Байқау «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік педагогикалық жоба», «Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат маршруттар» тақырыптары бойынша үш бағытта жүргізілді.
Қатысушылар ережеге сәйкес, «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік педагогикалық жоба» номинациялары бойынша – білім беру ұйымдарында туризм, өлкетану және экология үйірмелерінде әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар және дәстүрлі, дәстүрлі емес ашық сабақтар өткізу бойынша жасақталған нұсқаулар, педагог портфолиосынан жинақталған жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат маршруттар» номинациясы бойынша – туған өлкенің флорасы мен фаунасын зерттеу, өлкенің тарихи – мәдени орындары және табиғи ескерткіштеріне арналған жорық, экспедиция саяхаттарының бағдарламалары мен бейнероликтерін ұсынды.
Байқау қорытындысында жүлдегерлер төмендегідей марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *