Skip to content

Summer Camp-2022 Білім басқармасының 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар…

Summer Camp-2022

Білім басқармасының 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар жылы» аясында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету және туризм-өлкетану, экология бағытында өткізілген облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлерін ынталандыру мақсатында дарынды оқушылар үшін 06-09 тамыз күндері аралығында «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде 3 күндік лагерь ұйымдастырылуда.
Лагерьге 12-15 жас аралығындағы 70 оқушы қамтылуда.
Қатысушылар лагерь барысында «Tetysblu» тематикалық паркінде орналасқан аттракциондарда көңілдерін көтеріп, бассейнге шомылып, сонымен қатар «Туризм әліпбиі» (шатыр құру, жіп байлау, алау түрлерімен) шеберлік сыныбына, спорттық, эстафеталық ойындарға қатысатын болады.

#Балажылы2022
#Жаздыңбіркүні
#Туризмөлкетанубөлімі
#шатырлылагерь2022

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *