Skip to content

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының облыстық туристік…

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
білім алушыларының облыстық туристік слетінің
АҚПАРЛАМАСЫ

Білім басқармасының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік көпсайысты насихаттау мақсатында облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының туристік слеті қашықтықтан өткізілді.
Слетке техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларынан құралған 5 топ қатысты.
Слет ережесіне сәйкес қатысушылар «Бард әндері» конкурсы, «Экологиялық соқпақ», «Туған өлкенің тарихы», «Команданың визит карточкасы», «Біріктірілген туризм» номинациялары бойынша бейнероликтерін жолдап, барлығы 20 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
ІІ орын – Қарақия ауданы, Қарақия кәсіптік колледжінің «Қарақия колледжі», Түпқараған ауданы, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің «Ақкетік» және Бейнеу ауданы, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Креатив» топтары;
ІІІ орын – Маңғыстау ауданы, Маңғыстау техникалық колледжінің «Шерқала» тобы;
ІV орын – Ақтау қаласы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің «МПТК» тобы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *