Skip to content

«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында өткізілген Маңғыстау облысы жалпы,…

«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында өткізілген Маңғыстау облысы жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Жасыл мекен» челленджі

ҚР Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің тапсырмасын орындау және білім алушылардың қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау, адал еңбекті бағалау мақсатында 13 мамыр күні, сағат 12.00-де (Астана уақытымен) өткізілген «Жасыл мекен» челленджіне 169 білім беру ұйымдарынан (145 мектеп, 24 колледж) 75 000-ға жуық педагог пен білім алушылар қатысып, елді мекендерде көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Мектеп жанындағы 47 жылыжайда және 58 экологиялық үйірме клубтарына қатысушылардың күшімен 5888 ағаш отырғызылып, 4107 гүл егілді. Білім беру ұйымдары атқарылған шараларды #табиғатқақамқорлықзаботаоприроде, #жасылмекен, #еңбекқорлық хэштегтері арқылы әлеуметтік желілерге жариялады. #табиғатқақамқорлық #жасылмекен #еңбекқорлық

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *