«Үздік бағдарлама – 2022» облыстық байқауы
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 24 қараша күні Ақтау қаласы «№13 гимназиясы» базасында жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары мен «Туризм», «Өлкетану», және «Экология» үйірмелерінің жетекшілерінің арасында заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және көпшілікке тарату, үздік педагогикалық идеялар мен практикаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, «Үздік бағдарлама–2022» облыстық байқауы өткізілді.
Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 18 педагог қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік педагогикалық жоба» номинацияларында – білім беру ұйымдарында туризм, өлкетану, және экология бағытында балалар ұжымы, ата-аналар қауымдастығы, кітапханадағы және мектеп музейлеріндегі өлкетану жобалары,үйірме жетекшілеріне арналған әдістемелік әзірлемелер, әдістемелік ұсынымдар және дәстүрлі, дәстүрлі емес ашық сабақтар өткізу бойынша жасақталған нұсқаулық,бағдарламаларымен таныстырып, озық іс-тәжірибелерін ұсынды.
Сонымен қатар, «Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат маршруттар» номинациясы бойынша туған өлкенің тарихи – мәдени орындары және табиғи ескерткіштеріне баруға арналған жорық, экспедиция, саяхаттарының маршруттық бағдарламаларын жасақтау арқылы бейнероликтерін қорғап, қосымша сұрақтарға жауап берді.
«Үздік бағдарлама – 2022» облыстық байқауының қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
«Үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы бойынша:
I орын – Кадирханов Нұрбол Оңғарұлы – Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беретін мектебі»;
II орын – Мусан Анар – Түпқараған ауданы, «М.Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназия»;
II орын – Молдыбаева Асемгул Бибергенқызы – Қарақия ауданы, «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»;
III орын – Ерсайынова Шолпан Талғатқызы – Түпқараған ауданы, «Сайын Шапағатов мектеп – гимназиясы»;
«Үздік педагогикалық жоба» номинациясы бойынша:
I орын – Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна – Ақтау қаласы, «№13 гимназиясы»;
II орын – Досекен Нұрберген – Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр мектеп-лицейі»;
II орын – Генжегулова Улдай Аманкуловна – Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беретін мектебі»
⬇️⬇️⬇️⬇️