Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Қысқаша мәлімет:
ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 164 қаулысымен Маңғыстау облысы білім басқармасының Балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы (одан әрі - Орталық) құрылды.
Орталықта туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, ақпараттық-талдау бағыттарында штаттық кестеге сәйкес 23 қызметкер, оның ішінде педагогикалық білімді 8 маман жұмыс істейді.
Орталықтың іс-қимыл жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 10.02.2015ж. №60 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдердің туризмін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың іс-шаралар жоспарын» басшылыққа ала отырып, «Білім беру ұйымдарында өлкетану және туризм бағыттары бойынша әдістемелік көмек жұмыстарын жетілдіру» проблемасын көтеріп, оны жүзеге асыру мақсатында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге туған жер, елдің тарихы, жәдігерлер туралы білімдік-танымдық туризм, өлкетану, экологиялық шараларын үйлестіруге, өткізуге және ұйымдастыруға бағытталған.
Орталықтың миссиясы: Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие беру. Туризм-табиғатқа, өлкенің тарихи мәдени орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу деген сөз. Оның бағыттары алуан түрлі: ізденушілік-өлкетану бағытында туған өлкеге жасалатын оқу тақырыптық экскурсиялар; спорт бағытында өткізілетін жарыстар мен слеттер; туристік жорықтар; экологиялық туризм. Туристік – өлкетану бағытындағы шаралар оқушылардың бойында өз туған өлкесіне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, өткені мен қазіргі тарихын оқып-үйрену негізінде патриоттық, азаматтық тәрбиені қалыптастырады.
Біз Сіздермен іскер байланыс орнатуға әрдайым қуаныштымыз!