Екі күндік туристік шатырлы лагерь
Маңғыстау облыстық білім басқармасының «2019 жылғы 14 наурыздағы №25 нқ бұйрығымен бекітілген балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының» №28 тапсырмасын орындау мақсатында 6 бағытта 280 оқушыны қамтамасыз еткен екі күндік туристік шатырлы лагерьлер төмендегі маршруттар бойынша ұйымдастырылды.
- «Ақмыш» демалыс орны;
- «Сұлтан-Епе» тарихи-мәдени кешені;
- «Саура» шатқалы;
- «Манашы сай» қыраты;
- «Шопан-ата» жер асты мешіті;
- «Қызылқұм» демалыс орны.
Қатысушылар шатырлы лагерьдің ашылу салтанаты барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып лагерь бағдарламасына сәйкес, оқушыларға экологиялық квест, туристік-спорттық ойындар ұйымдастырылып және кешкі алау жанында бард әндері орындалды. Шерқала, Айрақты, Самал шатқалдарына саяхаттар жасалынып, табиғат көріністерін тамашалады. Қатысушылар тарапынан туристік шатырлы лагерьдің жұмысы жоғары деңгейде бағаланып, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.