Жарғы

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «___» __________

№ _____қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысының білім басқармасының

«Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

Ұйымдық – құқықтық нысаны: мемлекеттік кәсіпорын

Мемлекеттік меншік түрі:   коммуналдық

Орналасқан жері:   Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы, 130001

Ақтау қаласы, 3 шағын аудан,

№ 208 ғимарат.

Ақтау қаласы

2017 жыл

1.   Жалпы ережелер

1.  Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2.  Кәсіпорын Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы «___» ______ №____ қаулысының негізінде құрылған.

3.  Кәсіпорынның құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

4.  Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын Маңғыстау облысының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) жүзеге асырады.

5.  Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Маңғыстау облысының білім басқармасы (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

6.  Кәсіпорынның атауы:

мемлекеттік тілде: Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

орыс тілінде: Государственное коммунальное казенное предприятие  «Областной центр детско – юношеского туризма» Управления образования Мангистауской области.

7.  Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130001, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 208 ғимарат.

2.   Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

8.  Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

9.  Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10.  Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

11.  Кәсіпорын өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, құқықтық міндеттер артуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

12. Кәсіпорын жер учаскесін пайдалануға, жылжымайтын мүлікті, оның ішінде ғимаратты, құрылыстарды, көлік техникасын, өзге де тасымалдаушы құралдарды жалдауға немесе иеленуге құқылы.

13. Кәсіпорын жеке оқу бағдарламаларын әзірлеуге, қатысушыларына тиісті куәліктер мен дипломдар беруге құқылы.

3.   Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

14. Кәсіпорын қызметінің мәні облыста жасөспірімдердің туризмін дамыту мақсатындағы жұмысты жаңғырту, қосымша білім берудің тәрбиелік құрауышын ұйымдастыру және күшейту болып табылады.

15. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

1) салауатты өмір салтын қалыптастыру, Отанына, отбасына, қоршаған ортасына деген сүйіспеншілігін, адам бостандығы мен құқығын құрметтеу, еңбекқорлыққа, азаматтыққа тәрбиелеу,  мазмұнды демалыс ұйымдастыру, қоғамдағы өмірге бейімделу,  балалар мен оқушы жастардың шығармашылық еңбегі мен кәсіби өзін – өзі анықтау, денсаулықты нығайту, тұлғалық дамуына қажетті жағдай жасау;

2) оқу – танымдық  және тәрбие жұмысын үйлестіру, оқу – әдістемелік және тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибелерді енгізу, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру.

16. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге туған жер, елдің тарихы, жәдігерлер туралы білімдік-танымдық туризм сабақтарын үйлестіру, өткізу және ұйымдастыру;

2) оқу демалысы кезінде жергілікті жерлерде және облыстан тыс өңірлерде балалардың туристік лагерьлерін, танымдық саяхаттарын ұйымдастыру;

3) білім беру ұйымдарында туризм саласын дамыту мақсатында педагогикалық қызметкерлермен, қосымша білім педагогтарымен семинарлар, дөңгелек үстел, т.б. өткізу;

4) туристік - өлкетану бағытында журналдар, оқулықтар, туристік карталар, атластар даярлау, баспа қызметін жүзеге асыру;

5) білім беру мекемелерінде өлкетану мұражайларын жасақтауға, қызметін үйлестіруге, тарихи жәдігерлерді, экспонаттарды жинақтауға мектеп мұражайлары қызметтеріне кеңес беру;

6) облыс бойынша туристік үйірмелердің жетекшілеріне арналған туристік сейілдеудің, жорықтардың, экспедициялардың және  слеттердің маршрутын  әзірлеу;

7) «Менің Отаным - Қазақстан» туристік – экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің (жарыстар, жорықтар, т.б.) жобасын жүзеге асыру;

9) туристік жорықтар, экскурсиялар, спорттық жарыстар ұйымдастыру;

10) білім алушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

11) жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында мекемелер мен кәсіпорындармен ынтымақтастық қарым-қатынас шараларын жасау.

17. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай – ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

4.   Кәсіпорынды басқару

18. Құрылтайшы Кәсіпорынға қатысты келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

6) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

7) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

8) қосымша жалпы білім беру бағдарламалары бойынша (туристік, экологиялық, өлкетану, спорттық бағыттағы) мемлекеттік саясатты іске асыру;

9) оқу – танымдық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту;

10)  қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруда шарт бойынша ұйымдармен, сондай-ақ балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін сабақтан тыс және бос уақытында ұйымдастыру, басқа да білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымына көмек көрсету;

11)  Мемлекеттік кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын дамыту;

12)  білім алушылардың денсаулығын нығайту, олардың салауатты өмір салтын ұстануына уәжемелеу бойынша жұмыс жүргізу;

13)  облыстағы туристік – өлкетану қызметінің жай - күйі туралы қажетті ақпаратты жинау және талдау, білім беру мекемелеріне туристік - өлкетану, экскурсия қызметін ұйымдастыруда практикалық, консультативтік көмек көрсету; 

14)  осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

2) Кәсіпорынның даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оны орындауды жүзеге асырады, келіседі  және бекітеді;

4) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен директорды тағайындайды және оны аттестаттаудан өткізеді;

6) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

7) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

8) Кәсіпорын директорының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

10)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын басқа да мәселелерді шешеді.

20. Заңды тұлға ретіндегі Кәсіпорынның органы оның директоры болып табылады.

21. Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның директорымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

22. Кәсіпорынның директоры Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

23. Кәсіпорынның директоры Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

24. Кәсіпорын директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

25. Директор:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе, оларға жаза шараларын қолданады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

10)  өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11)  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынның мүлкі

26. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

27. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (Жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлары) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

28. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

29. Кәсіпорынның қарамағында тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

30. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

31. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешімін қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

32. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

33. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, меншік құқығын тоқтау үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249 - бабында көзделген тәртіппен және   меншік құқығын  тоқтату  негіздері  бойынша,

сондай - ақ осы Жарғының 35, 36 - тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

34. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, құрылтайшы тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорыннан жедел басқару құқығында бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

35. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде құрылтайшы Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

36. Кәсіпорын осы Жарғының 33 - тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, дебиторлық берешекті құрылтайшының жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы.

37. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

38. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

39. Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

7. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

40. Кәсіпорынның қаржылық жылы күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында белгіленеді.

41. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорын директоры бекітетін есеп  саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

42. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

8. Кәсіпорынның жауапкершілігі

43. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

9. Еңбек ұжымымен өзара қатынастар

44. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

45. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

10. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

46. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

47. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақы мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

48. Кәсіпорын директорының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

11. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

49. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүгізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

50. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Маңғыстау облысының  әкімдігі жүзеге асырады.

51. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін құрылтайшы қайта бөледі.

Кредит бөлушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, облыстық бюджеттің кірісіне есептеледі.

12. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

52. Кәсіпорынның Жарғысына барлық өзгерістер мен толықтырулар Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

53. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, Кәсіпорын бір ай мерзімде бұл туралы тіркеуші органды хабардар етеді.

______________________________________________________ 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=