Ақпараттық-талдау бөлімі

Туракбаева Асемкан Жайлыбаевна

 

Туракбаева Асемкан Жайлыбайқызы

1986 жылы 25 наурызда Түркменстан Республикасы, Мары облысында дүниеге келген. 

- 1992-2003жж. Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылындағы №8 орта мектепте білім алған.

- 2003ж. Маңғыстау гуманитарлық колледжіне түсіп, 2010ж. «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын» тәмамдаған.

Жоғары білімді, Бастауыш сынып мұғалімі, психолог бакалавры.

Еңбек өтілі: 

- 2006ж. Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылдық ауруханасында оператор;

- 2012ж. Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы, тәрбие бөлімінің әдіскері;

- 2019ж. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, ақпараттық-талдау бөлімінің жетекшісі.

Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні:

- 2020ж. Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерді және оған теңестірілген тұлғаны аттестаттау куәлігі екінші (педагог-модератор) біліктілік санаты берілді (2020 ж. «25» желтоқсан №57 нқ бұйрық);

- 2022ж. «Ең алдымен адамдарға: е - Өтініш» азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу: ҚР Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің практикалық аспектілері». Сертификат (16 сағаттық, № MNGF00024);

- 2022ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына арналған «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың қажетті шарттары» тақырыбында өз біліктілігін арттырды. Сертификат (80 сағаттық, №4441).

Марапаттары:

- 2015ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының «Құрмет грамотасы»; 

- 2019ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғысы»;

- 2021ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының «Құрмет грамотасы»;

- 2021ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының «Алғысымен» марапатталған.

 

Жеткізген Жиде Баулыбайқызы

- 1954 жылы Маңғыстау облысы, Таушық селосында дүниеге келген.

- 1962 жылы Шахта орта мектебінің табалдырығын аттап, 1971 жылы Жармыш орта мектебін тәмәмдаған.

- 1972-1976жж. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, жоғары білімді, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, жоғары санатты ұстаз.

- 2019ж. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, ақпараттық-талдау бөлімінің әдіскері.

Марапаттары:

- 2001ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен»;

- 2005ж. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен;

- 2009ж. «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісімен, Маңғыстау облысының құрылғанына 35, 40 жыл мерекелік медальдарымен;

- 2016ж. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық, Ақтау қаласының 55 жылдық медалімен марапатталған.

Облыс оқушылары мен мұғалімдері арасында 25 жылдан бері жүргізіліп келе жатырған «Маңғыстаунама» танымдық жобасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінде бекітілген «Қазақ тілі грамматикасын тиімді оқыту» кесте-сызбалар топтамасының, облыстық, аймақтық, республикалық деңгейде өтетін оқушылардың «Әбіш оқулары» байқауы жобасының, республикалық «Өрлеу» БҰАО» бекіткен «Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулығының авторы. 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығын құрастырушылардың бірі.

«Сабақтан кейінгі қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастыру»; «Сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары: ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау»; «Бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілі грамматикасын үйретудің тиімді жолдары» тақырыптарында біліктілік арттыру тақырыптарында семинар жүргізеді. «Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің» ДББҰ Педагогикалық шеберлігі әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша біліктілік арттыру курсының 160 сағаттық білім беру бағдарламасын бітірген пән тренері.

 

Хасанова Сымбат Мэсбекқызы

1997жылы 17 шілдедеМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде дүниеге келген.

2003-2014ж.ж. Түпқараған ауданы, Таушық ауылындағы Шахта орта мектебінде білім алған.

2014-2018 ж.ж. Орал қаласы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

10.01 - 01.11.2019ж. Шахта орта мектебінің, музыка пәні мұғалімі;

01.04.2021 - 18.04.2022ж.Гауһар жекеменшік балабақшасының, музыка жетекшісі;

19.04- 01.11.2022ж.Таушық мәдениет үйінің әдіскері;

06.03.2023 - 18.06.2024ж. Түпқараған аудандық мәдениет үйінің әдіскері.

Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні:

-2019ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірбиедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектепшілік курс (100 академиялық сағат№ 030);

Марапаттары:

2019ж.Түпқараған ауданы әкімінің «Алғысы»;

2019ж.«Үркер» байқауы «Үздік жетекші» номинациясы;

2022ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Таушық ауылы әкімінің «Алғысы»;

2022ж.Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының «Алғысы»;

2023ж.Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының «Алғысы»;

2023ж.«Үздік мәдениет қызметкері» үздіктер премиясымен марапатталған.




  1997жылы 17 шілдеде Маңғыстау облысы, Маңғыстау  ауданы, Шетпе кентінде дүниеге ...

  Туракбаева Асемкан Жайлыбайқызы 1986 жылы 25 наурызда Түркменстан ...

  - 1954 жылы Маңғыстау облысы, Таушық селосында дүниеге келген.  - 1962 жылы Шахта ...