Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, оқушылармен, студенттермен және педагогтермен кездесулерін ұйымдастыру

    Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау салдары бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, туризм-өлкетану бөлімінің жетекшісі Ж.М.Нұғыманова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үдерістер» атты тақырыпта баяндама оқыды.

     Баяндамада осы күнге дейінгі сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Атап айтатын болсақ Қазақстандық мемлекет дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізгені туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үдерістер байқалғандығын және жемқорлықты қоғамдық құрылысымыздың ішінен жегі құрттай кеміріп жатқан жазылуы қиын ауруға теңесек, оның бетін қайтару үшін осы кеселді болдыртпаудың кешенді жолдарын қарастыруымыз керек екендігін түсіндіріп өтті.

    Шара соңында орталығымыздың ардагер ұстазы Тоқжанов Орынбасар Әбдіұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, одан бір нақты нəтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз. Жемқорлықпен күрес – науқандық шара емес. Онымен əрбір ұжым, бүкіл халық болып күресуіміз қажет деп шараны қорытындылады.

 

title=


Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары  ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын ...