Орталық жаңалықтары

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің»  базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен Отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім алушылар арасында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өткізілді.

Слетке 12 - 17 жас аралығындағы 50 білім алушы қатысты.

Бағдарламаға сәйкес, «Ат туризмі» номинациясы бойынша ат туризмін дамыту бойынша перспективалары,  «Туристік әндер»  номинациясы бойынша- гитара, домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен әсем әндер, «Туристік маршруттар» номинациясы бойынша бірқатар көрікті жерлерге баруды көздейтін туристік маршруттар, (ұзындығы кемінде 100 км, саны 5 және одан да көп күн, далалық жағдайда тұра отырып, автономды түрде) жаяу туристік саяхаттар және жорықтар туралы  есебі тыңдалды.

Қатысушылар слеттің практикалық кезеңдері «Жартасқа шығу», «Туристік кедергілер жолағында» аспалы өткел, параллель таяныштар, маятник, алғашқы медициналық көмек және жартасқа шығу бойынша түрлі кедергілерлен өтті. Қазылар алқасының шешімімен: «Ат туризмі» номинациясы бойынша - I орын - Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 10 сынып оқушысы Талғатова Амина;

«Туристік маршрут» номинациясы бойынша - I орын - Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы ЖББМ-нің 10 сынып оқушысы Ұзақбай Темірлан;

«Туристік әндер» номинациясы бойынша - I орын - Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Нәби Мөлдір;

«Туристік кедергілер жолағы» номинациясы бойынша - I орын - Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінің 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Көкбөрі» тобы;

«Жартасқа шығу» номинациясы бойынша - I орын - Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 8-10 сынып оқушылары Марлаш Мадина, Доктырбай Мирас.

Жоғары да аталған бірінші орын жүлдегерлері қыркүйек айында Ақмола облысы, Көкшетау қаласында  өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=