Орталық жаңалықтары

Білім алушылардың туристік шатырлы лагерінің екінші ауысымы

05-07 тамыз күндері ұйымдастырылған лагерьге Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарынан барлығы 86 оқушы қамтылды. Демалушылар үшін бағдарламаға сәйкес түрлі белсенді спорттык шаралар, садақ ату, тоғызқұмалақ, эстафеталар, «Kyzyktime» көңілді старттар ойындары өткізілді.

Экологиялық мәдениеттерін дамыту, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу мақсатында «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылып, жағажайға тазалық жұмыстары жүргізілді.

Балалар лагерь соңында «Саура» шатқалына саяхаттап, шатқал бастауындағы өсімдіктердің саф ауасымен тыныстап көңілді демалды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=