Білім беру ұйымдары арасында «Үздік жылыжай-2023» облыстық байқауы
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» жобасы аясында білім беру ұйымдары жанынан ашылған жылыжайлардың жұмысын жандандыру, экологиялық білім беру және тәлім-тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында 23 мамыр күні Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Үздік жылыжай-2023» байқауы өткізілді. Байқауға білім беру ұйымдарынан 14 жылыжай жетекшілері қатысты.
Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, ең алдымен мектеп жылыжайлары туралы мәліметін, жылыжайда өсірілетін көкөністерді, оқу кабинеттері мен мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарының презентацияларын көрсетсе, келесі бөлімде білім алушылармен өткізілген жылыжайдағы тәжірибелік сабақтар мен жұмыстардың бейнероликтерін ұсынды. Бейнероликте жылыжайдағы өндірістік, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарына, өсімдіктерді өсіру ерекшеліктеріне мән берілді. Сонымен қатар, жылыжай өнімдерін пайдалану, өнімдерді тапсыру, қабылдау сәттері, сатылған өнімдер қаражатының жұмсалуы туралы фотоальбом жұмыстары қаралып, байқау барысында арнайы сұрақтардан жасақталған практикалық жұмыстар орындалды.
Қазылар алқасы төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жылыжайлары арасында:
І орын – Бейнеу ауданы, «Боранқұл бөбекжайы»;
ІІ орын – Бейнеу ауданы, «Бейнеу бөбекжайы»;
ІІ орын – Мұнайлы ауданы, «Бәйтерек балабақшасы»;
IІІ орын – Бейнеу ауданы, «Үстірт бөбекжайы»;
IІІ орын – Ақтау қаласы, «№22 Алтын бесік бөбекжай»;
Жалпы және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының жылыжайлары арасында:
І орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебі
ІІ орын – Ақтау қаласы, №13 мектеп гимназиясы
ІІ орын – Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр мектеп лицейі»
IІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектебі
IІІ орын – Маңғыстау ауданы, №7 мектеп лицейі
IV орын – Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебі
IV орын – Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебі
Барлық жеңімпаз білім беру ұйымдарын құттықтаймыз!
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...
Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің» базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...
Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...
Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...
Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...