«Экоәлем» облыстық олимпиадасы
Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Ақтау қаласы, №8 жалпы білім беретін мектеп базасында білім алушылар арасында «Экоәлем» облыстық олимпиадасы екінші мәрте ұйымдастырылды.
Қоршаған ортаға саналы түрде қарауға, материалдық құндылықтарды қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық мәдениетке қол жеткізуге, рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу мақсатында өткізілген байқауға аудан, қалалардың 8-10 сынып оқушыларынан 41 білім алушы қатысты.
Олимпиадада қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, әр сыныпқа ұсынылған экологиялық тақырыптар бойынша эссе жазды. Сонымен қатар, «Кім жүйрік?» айналымында «Quizizz» қосымшасымен қойылған сұрақтар арқылы өз жылдамдықтарын көрсетті.
Қазылар алқасының қорытындысымен 8 сынып бойынша:
I орынды Өмірсерікова Анель, Жаңаөзен қаласы, №14 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
II орынды Тұржанова Аружан, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының оқушысы мен Қуанғали Марта, Түпқараған ауданы, F.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің оқушысы;
III орынды Үсенқызы Гаухар, Жаңаөзен қаласы, №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы мен Акбалат Гульмира, Мұнайлы ауданы, «I.Altynsarin School-Lyceum» қазақ ұлттық мектеп-лицейінің оқушысы және Құланбаева Асылжан, Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
9 сынып бойынша:
I орынды Қалдыбаева Инабат, Жаңаөзен қаласы, №23 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
II орынды Бақтыгерейқызы Ақниет, Жаңаөзен қаласы, №24 лицейі мен Қосай Камила, Ақтау қаласы, №13 гимназиясының оқушысы;
III орынды Ералхан Ануар, Мұнайлы ауданы, №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы мен Джумабай Ұлмекен Оразбайқызы, №6 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы және де Давидкул Жаннұр, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы;
10 сыныптар бойынша:
I орынды Амангелдиева Айназ, Жаңаөзен қаласы №24 лицейінің оқушысы;
II орынды Қылычмұрадов Айтжан, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің оқушысы мен Сұлтанова Қарақат, Бейнеу гимназиясының оқушысы және Ахмет Дариға, Жаңаөзен қаласы, №8 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
III орынды Қуанай Әдемі, Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы мен Задагереева Жаcия, Түпқараған ауданы, F.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің оқушысы иеленді.
Жүлдегерлер білім басқармасының дипломдарымен және қаржылай марапатталды.
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...
Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің» базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...
Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...
Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...
Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...