Орталық жаңалықтары

«Экология – ел тағдыры» атты облыстық дебаты

Өскелең ұрпақтың бойында Патриотизмді қалыптастыру, туған өлкенің экологиялық өзекті мәселелерін талқылауға және шешуге бейімдеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, экологиялық білім беруді насихаттау және қолдау мақсатында 13 қазан күні білім алушылар  арасында «Экология – ел тағдыры» тақырыбында облыстық дебаты ұйымдастырылды.

Дебат кезеңдері америкалық парламенттік форматта (АПФ) жүргізілді. Дебатқа аудан, қаладан 8 топ қатысып, барлығы 16 оқушы қамтылды.

Пікірсайыс барысында білім алушылар мемлекетіміз ядролық қарудан бас тартпауы тиіс деп есептесе, екінші палатаның қатысушылары ядролық қарудың елімізге, оның ішінде экологияға қаншалықты қауіпті екендігін, сонымен қатар, Маңғыстаудың экологиялық және демографиялық мәселелерін шешудің тиімді жоспарын ұсынып, статистика бойынша сандарын келтірді.

Нәтижесінде 4 топ жүлдегер атанып, жеңіске жетті.

Атап айтқанда:

І орын - Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 10 сынып оқушылары Талғатова Амина, Ермағанбетов Мирас;

ІI орын - Ақтау қаласы, Жас Қанат мектеп - лицейінің 10 - 11 сынып оқушылары Нұрсұлтан Әли, Қуан Ақнұр;

ІII орын - Жаңаөзен қаласы, №9 жалпы білім беретін  мектебінің 10 сынып оқушылары Агулбаев Рахманкерім, Джаббасова Ақшолпан;

ІII орын - Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - гимназиясының,10 сынып оқушылары Нұғман Бекбол, Қанатұлы Есбол иеленді.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=