«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңі
ҚР Үкіметінің 12.10.2022ж. №731 қаулысымен бекітілген «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы аясында азаматтардың экологиялық қауіпсіздік жағдайын жақсарту және экологиялық білімін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық жұмысты ұйымдастыру мақсатында, білім басқармасының 10.10.2023ж. №145нқ бұйрығын негізге ала отырып, Маңғыстау туризм колледжінің базасында 2023 жылдың 19 қазан күні «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық білім беру ұйымдарынан ауданқала бойынша 12 жұмыс түсіп, ережеге сәйкес «Табиғатқа жанашыр ұйым», «Үздік экологиялық жоба», «Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациялары бойынша жұмыстар қаралып, білімдік, танымдық жұмыстарын қоршаған ортаны қорғау, экология саласында жүргізілген ғылыми зерттеу және жоба, экологиялық қауымдастықтың өкілдерімен жүргізілген жұмыстарын есептік фото және бейнематериалдары мен презентациялары қаралды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқаудың республикалық кезеңіне төмендегі білім беру ұйымдары ұсынылды.
«Табиғатқа жанашыр ұйым», номинациясы бойынша - Ақтау қаласы, №13 гимназиясы (Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна - биология пәні мұғалімі);
«Үздік экологиялық жоба» номинациясы бойынша - Ақтау қаласы,№19 мектеп - гимназиясы (Жалғас Ақсымбат Сапаркелдіқызы - биология пәні мұғалімі);
«Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы бойынша - Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебі (Нурманова Куралай Шаравбаевна - директор ).
Каспий теңізінің өзекті экологиялық проблемаларын көтеруге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында, 2024 жылдың 15 мамыр күні ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...
Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің» базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...
Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...
Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...
Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...