«Спорттық туризм» облыстық шеберлік сағаты
2024 жылдың 15 ақпан күні педагогтердің белсенді туризм бағыты бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін тәжірибе жүзінде арттыру мақсатында Ақтау қаласы, №13 гимназиясында «Спорттық туризм» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Шеберлік сағатқа білім беру ұйымдарынан дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен туризм-өлкетану үйірмелерінің жетекшілері (65 педагог) қатысты.
Педагогтер шеберлік сағат барысында туристік құралдар мен танысып, түрлі кедергілерден өту арқылы спорттық туризм бағытында білімдерін кәсіби жетілдірді.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының маманы М.Теғісбай «Туристік өткелдерден өту техникасы», (бурелом, траверс, өткелдер кезеңі) Ақтау қаласы, №13 гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қарабалаев Азамат, Кемалов Бекбол «Параллельді өткел кезеңі», «Биіктікке шығу техникалары» және №19 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Сағатова Алтынай «Аспалы өткел кезеңі» бойынша арнайы туристік кедергілерден өтіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Шеберлік сағатында өз іс-тәжірибесімен бөліскен және белсенді қатысқан педагогтерге сертификаттар табысталды.
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...
Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің» базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...
Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...
Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...
Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...