Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік-кеңес

      Ағымдағы жылдың 15 қазан күні орталықтың қызметкерлері арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» мақсатында  әдістемелік - кеңес ұйымдастырылып, экология - биология бөлімінің жетекшісі А.С.Ерғалиева өзінің баяндамасын таныстырып өтті.
      Әдістемелік - кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қою мақсатында бірнеше іс - шаралар жүзеге асырылып, алдағы уақытта ұйымдастырылатын ақпараттар туралы мәлімдеді.
   Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы түрде,  адамгершілікпен жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
     Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден - бір ықпал ететін фактор болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
       Жалпы айта келгенде, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың этностық ерекшелігі ретінде ұлттық мәдениетті мысалға алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс - әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.
       Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда этникалық ерекшеліктерді негізге алу еліміздің әлеуметтік - мәдени дамуы мен рухани жаңғыруына, мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық бағыттағы жоспарларына қол жеткізуге, мәңгілік ел болып қалыптасуына маңызды жағдайлар туғызатындығы сөзсіз.
     Осыған орай, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Заңының 9-бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
   Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс - шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары әдеп, құқықтық мәдениеттер негізінде қарсы тұра білу қабілетін білдіреді.
    Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса, азаматтар  қоғамда  сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін  сезінетін дәрежеде болады.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті - сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болу, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.
      

title=title=title=


Орталық «Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алудың 2022 жылға арналған іс - қимыл жоспарының» 2 - тармағы бойынша айқындықты көтеру мақсатында, орталықтың ...

Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан, онымен күрес күн өткен сайын күшеюде. Осыған орай, ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Облыстық ...

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары    ...

    «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, оқушыларымен, студенттерімен және педагогтерімен ...

      Ағымдағы жылдың 15 қазан күні орталықтың қызметкерлері арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» мақсатында  ...

    Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын ...