Орталық жаңалықтары

Шайыр ауылында «Еуропа - Азия» облыстық туристік фестивалі өтті

Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, педагогтері арасында «Еуропа - Азия» облыстық туристік фестивалі Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағында өткізілді. 

Фестивальге жалпы орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 11 топтан 70 педагог  қатысты.

Қатысушылар фестивальдің теориялық кезеңінде «Балалар туризмі туралы бір үзік сыр» - бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған туристік мақалаларын, «Менің Кіші Отаным» - көрікті жерлерге баруды көздейтін туристік жорықтардың 2 және одан да көп күндік даладағы жағдайдағы жаяу бейнеролигін, «Туризмнен онлайн сабақ» номинациялары бойынша - туризмге қатысты жеке және топтық құрал-жабдықтарды таныстыру, жіп байлау түрлерін көрсету, түрлі этаптардан өту, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша онлайн сабақтарын өткізіп, жұмыстары сырттай қаралды.

«Туристік тұрмыс және дағды» номинациясында бивуак құру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен қажетті туристік құрал - жабдықтар, медқобдишаларымен таныстырып, кешкі алау жанында бард әндерін шырқады. 

«Бурелом», «кочки», «гусиный шаг» кезеңдерін қамтитын «Техникалық» қашықтығынан, «аспалы өткел», «параллель өткел», «траверс» сынды «Өткелдер» қашықтығынан, «спуск - подъем», «спорттық лабиринт» секілді «Жеке» қашықтықтан топтық және топ капитаны болып түрлі кедергілерден өтті.

Қазылар алқасының шешімімен:

I орын - Ақтау қаласы, №13, №19 мектеп - гимназиялары мен №3, №9 жалпы білім беретін мектептерінің «Ақтау» құрама тобына;

II орын - Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беру мектебінің «Желтау» және Түпқараған ауданы, Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжінің «Түпқараған» топтарына;

III орын - Ақтау қаласы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Көкжал» және Жаңаөзен қаласы, Қ.Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің «Үркер», Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы және Б.Жұмалиев, Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектептердің «Ұлы дала» топтарына білім басқармасының дипломдары мен кубоктары табысталды.

Сондай-ақ көрсеткен жеке жетістіктері үшін:

«Ең үздік мақала» номинациясынан - Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебі, Басшиева Жанат, Ақтау қаласы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі, Эбишеев Кажымукан;

«Ең үздік бейнеролик» номинациясынан - Ақтау қаласы, «Ақтау» тобы, Жаңаөзен қаласы, «Үркер» тобы;

«Ең үздік онлайн сабақ» номинациясынан - Ақтау қаласы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі, Тәңірберген Бауыржан, Ақтау қаласы, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, Исмағұлов Бекмұрат;

«Ең үздік бард әндерін орындаушы» номинациясынан - Ақтау қаласы, №13 гимназиясы, Жұмалиев Ақылбек пен Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы, Асқарұлы Нұрғиса орталықтың Алғысымен марапатталды.

Сондай-ақ көрсеткен топтық жетістіктері үшін сертификаттармен төмендегі топтар марапатталды:

Ақтау қаласы, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің «Энергетик» тобы;

Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің «Эверест» тобы;

Түпқараған ауданы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің «Көкбөрі» тобы;

Ақтау қаласы, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Болашақ жастары» тобы;

  Ақтау қаласы, М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжінің «Самға» тобы. 

Қыркүйек айында Орал қаласында өтетін республикалық кезеңге Ақтау қаласының «Ақтау», Бейнеу ауданының «Желтау», Маңғыстау ауданының «Ұлы дала», Түпқараған ауданының Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжінің «Түпқараған», Ақтау қаласының Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Көкжал» топтарынан құрама команда жасақталып, жолдамаға ие болды. Республикалық кезеңге қатысушы құрама командаға сәттілік тілейміз! 

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=