Орталық жаңалықтары

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы

Ағымдағы жылдың  23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізілді. Форумға барлығы 60 білім алушы қатысты. Қатысушылар экологиялық білім беру, волонтерлік, қоғамдық ұйымдардың жобаларын әзірлеп, өзекті экологиялық мәселелерге арналған интерактивті экологиялық шағын спектакльдер қойды. Әлеуметтік  бейнероликтер, қалдықтардан және қайта өңдеуге болатын материалдардан, пайдаланылатын заттар мен әртүрлі қаптамалардан және т.б. жасалған бұйымдардан көрме жасақталды. 

Қазылар алқасының шешімімен:

«Жасыл мектеп» номинациясы бойынша – зерттеу жобаларының «Жасыл қала – қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған технологиялар»  бағыты бойынша: 

I орын –  Бейнеу ауданы, М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Амангелді Орынайға;

«Болашаққа көзқарас – экологиялық білім беру жобалары, волонтерлік жобалар және қоғамдық ұйымдардың іс-шаралары»  бағыты бойынша:

I орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 7 сынып оқушысы Мұхамбетқали Амирге;

«Экотеатр» интерактивті қойылым номинациясы бойынша:

I орын – Ақтау қалысы, №13 гимназиясының «Шың» тобына;

«Экоблогер» әлеуметтік бейнематериал номинациясы бойынша: 

I орын – Бейнеу ауданы, Күйкен жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Тоқсанбаева Айнұрға; 

«Үздік Арт - нысан» номинациясы бойынша:

I орын –  Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Манас Таңшолпанға;

«Идеядан іске асыруға дейін» номинациясы бойынша:

I орын – Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып Аймұрат Інжуге жүлделі орындар табысталды.

Жүлделі орын алған жеңімпаздар 2024 жылдың 5 маусымында онлайн форматта өткізілетін республикалық кезеңге жолдама алды.

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=