Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Орталық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру» тақырыбындағы семинар-тренинг

Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан, онымен күрес күн өткен сайын күшеюде. Осыған орай, ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының қызметкерлері арасында «Орталық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтің мақсаты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтарын қалыптастыра отырып, іс-әрекеттер амалдарын қолдануды меңгерту.

Орталықтың іс-жүргізушісі А.Қадырова қызметкерлерге өз баяндамасын оқи отыра, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және Қылмыстық кодексте іске асырылғандығын  жеткізіп, жемқорлыққа қарсы күрес ретінде әр адам өзіндік мінез-құлқын қалыптастыру арқылы қызметтік міндетін адал, абыройлы атқару керектігін айтты.

Семинар-тренинг соңында орталық қызметкерлері жоғарыдағы қозғалған мәселелерді жан-жақты талқылап, туған елінің өркендеп, өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар мен кәсіби шеберлер болып қалыптасу керектігі туралы өз көзқарастарын білдіріп, шараны қорытындылады.

 

title=title=title=


Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары  ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын ...