Орталық жаңалықтары

Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Еуропа – Азия» облыстық туристік фестивалінің баспасөз-релизі

Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00.

Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы.

Мақсаты: Педагогтердің туристік және кәсіби шеберліктерін шыңдау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибені айқындау және насихаттау.

Қатысушылар: Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері.

СПИКЕР (қызметі, байланыс телефондары): Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының директоры, Темірланова Аяжан Темірланқызы 8/747/592-41-07.

Ұйымдастырушылар, байланыс телефондары: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, туризм-өлкетану бөлімі, байланыс телефоны: 8/747/592-41-07 ocdt-2017@mail.ru.

Сайттарға жариялау: Білім басқармасының және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ресми сайттары, facebook және instagram әлеуметтік желілері, youtube каналы.