«Экология – ел тағдыры» атты облыстық дебаты
Өскелең ұрпақтың бойында Патриотизмді қалыптастыру, туған өлкенің экологиялық өзекті мәселелерін талқылауға және шешуге бейімдеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, экологиялық білім беруді насихаттау және қолдау мақсатында 13 қазан күні білім алушылар арасында «Экология – ел тағдыры» тақырыбында облыстық дебаты ұйымдастырылды.
Дебат кезеңдері америкалық парламенттік форматта (АПФ) жүргізілді. Дебатқа аудан, қаладан 8 топ қатысып, барлығы 16 оқушы қамтылды.
Пікірсайыс барысында білім алушылар мемлекетіміз ядролық қарудан бас тартпауы тиіс деп есептесе, екінші палатаның қатысушылары ядролық қарудың елімізге, оның ішінде экологияға қаншалықты қауіпті екендігін, сонымен қатар, Маңғыстаудың экологиялық және демографиялық мәселелерін шешудің тиімді жоспарын ұсынып, статистика бойынша сандарын келтірді.
Нәтижесінде 4 топ жүлдегер атанып, жеңіске жетті.
Атап айтқанда:
І орын - Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 10 сынып оқушылары Талғатова Амина, Ермағанбетов Мирас;
ІI орын - Ақтау қаласы, Жас Қанат мектеп - лицейінің 10 - 11 сынып оқушылары Нұрсұлтан Әли, Қуан Ақнұр;
ІII орын - Жаңаөзен қаласы, №9 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушылары Агулбаев Рахманкерім, Джаббасова Ақшолпан;
ІII орын - Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - гимназиясының,10 сынып оқушылары Нұғман Бекбол, Қанатұлы Есбол иеленді.
Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023 - 2029 жылдарға арналған іс - шаралар жоспары аясында, қоршаған ...
Каспий теңізінің өзекті экологиялық проблемаларын көтеруге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында, 2024 жылдың 15 мамыр күні ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...
Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің» базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...
Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...
Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...
Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...