Орталық жаңалықтары

Білім беру ұйымдарындағы жылыжайлардың жұмыстарын үйлестіру туралы дөңгелек үстел

Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 ақпан күні мектеп жанынан ашылған жылыжайларды тиімді пайдалану мақсатында Ақтау қаласы, №13 гимназиясы, Бейнеу ауданы,  Ж. Қалдығараев атындағы ЖББМ, Маңғыстау ауданы, Ә. Кекілбайұлы атындағы ЖББМ, Мұнайлы ауданы, №3 ЖББМ, Қарақия ауданы, №3 ЖББМ басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мектеп басшылары дөңгелек үстел барысында ойларын ортаға салды. Барлық жылыжайлардың ортақ мәселесі – жылыжайлар ашылғанымен көпшілігінде жылу жүйесі орнатылмағандығы, кейбір мектептерге демеушілер тарапынан берілген жылыжайлардың көлемі тым шағын болуы (мысалы: 12 кв2, 16 кв2)  және жылу жүйесі, су жүйесі тартылмағандықтан жылыжай өз мақсатын толыққанды орындай алмай отырғандығы, сонымен қатар жылыжайлардың жөндеу жұмыстарына аудандық, қалалық білім бөлімдерінен қаражат бөлінбейтіндігі айтылды.

Дөңгелек үстелде бірнеше рет республикалық деңгейде телеарналар мен БАҚ беттерінде насихатталған, 2007 жылдан бері жұмыс істеп отырған Өтес ЖББМ-нің жылыжайы қатысушыларға арнайы таныстырылды. Алайда, бүгінгі таңда ұзақ уақыт күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен жылыжай тиісті деңгейде жұмыс жасамай отырғандығы байқалды.   

Қатысушылар дөңгелек үстелдің қорытындысында бірауыздан білім алушылардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру үшін мектеп жылыжайларының үздіксіз жұмыс жасау керектігі, жөндеу жұмыстарына тиісті деңгейде қаражат бөлінуі, жылыжай жұмысын жүргізуге штаттың берілуі және экологиялық үйірмелердің қайта ашылуы қажет екендігі туралы өз ұсыныстарын білдірді.

  

title=title=title=title=title=title=title=title=
  • https://youtu.be/YmTMGtcgxTY