Жылдық есеп

Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының 2023 жылы атқарған шаралары туралы АҚПАРАТЫ

Орталық жарғысына сәйкес білім алушылар мен педагогтердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыстарын мазмұнды ұйымдастыру, жастардың тұлғалық дамуына қажетті жағдай жасау, қоғамдық өмірге бейімдеу және туристік, экологиялық білім - танымдарын кеңейту мақсатында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы республикалық, облыстық бағдарламалар мен хаттар, бұйрықтарды негізге ала отырып, білім басқармасының 2023 жылға бекіткен іс-қимыл жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізді:

Білім беру ұйымдары педагогтері арасында «Белсенді туристік саяхат түрлерін тиімді ұйымдастыру»; «Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері»; «Экологиялық сауаттылықты дамыту» тақырыптарында семинар, әдістемелік көмек күндерін; «Белсенді туризм түрлері» шеберлік сыныбын; «Еуропа - Азия» туристік фестивалін, «Climbing» туристік сайысын, «Туризм – салауатты өмір салты» педагогтер отбасылық жарысын; «Үздік бағдарлама - 2023», «Үздік экскурсовод»; «Маңғыстаунама-2023» танымдық байқауларын (Қатысушылар-291, оның ішінде қаладан-84);

Білім беру ұйымдарының «Үздік мектеп музейі»; «Үздік жылыжай – 2023»;  «Білім беру ұйымдарындағы туризм-өлкетану, экология бағытындағы жұмыстарды зерделеу»; «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауларын, (Білім беру ұйымы-95, оның ішінде қаладан-23);

Білім алушылармен республикалық төрт шара: «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слетін; «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумын; «Көміртек ізін өлшеңіз» экологиялық білім беру жобасының «Жер - біздің ортақ үйіміз!»; «VIII республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарын; облыстық он шара «Экология – ел тағдыры» дебатын; «Жас турист – 2023» студент жастардың туристік слетін; «Экоэрудит» байқауын; «Ғажайып табиғат – тылсым дүние» фотосуреттер мен қолөнер көрмесі байқауын; «Мен және су» экологиялық шығармашылық жұмыстар байқауын; «Әлем глобусы» экологиялық – зияткерлік байқауын; «Экоәлем» екінші олимпиадасын; “Шатырлы  лагерь – 2023”; Алматы және Астана қалаларына 3 күндік танымдық экскурсиясын ұйымдастырды. (Қатысушылар-854, оның ішінде қаладан-222).

Орталықтағы ең ауқымды шаралардың бірі – Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауында өткізілген білім алушылардың туристік «Шатырлы лагерінде» 360 оқушы демалды (2022 жылы-300 оқушы). Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Түпқараған ауданы әкімдігінің қолдауымен лагерь өз жұмысын сәтті аяқтады.

Білім алушының экологиялық білім-танымдарын кеңейту мақсатындағы 8-10 сынып оқушыларының «Экоәлем» олимпиадасы облысымызда екінші рет ұйымдастырылды, бұл шараның республикалық  деңгейге көтерілу мұмкіндігі бар.

Білім беру ұйымдарындағы туристік-өлкетану жұмыстарына бағыт-бағдар беру мақсатындағы  педагогтердің екі күндік «Үздік экскурсовод» байқауы да мұғалімдердің қызығушылығын оятып, республикалық жалғасын табуды қажет ететін шара болып бағаланады.

Жергілікті ұстаз, географ-зерттеуші ғалым С. Қондыбайдың шығармашылығына арналған «Маңғыстаунама» танымдық байқауы облыс мұғалімдерінің ғылыми-ізденушілік жұмыстарға деген құлшыныстарын оятты және ғылыми жұмыстарға бейім ұстаздарды көпшілікке танытты.

Облыс мектептерінде 16 өлкетану үйірмесінде 238 оқушы, 21 туризм үйірмесінде 363 оқушы, 25 экология үйірмесінде 483 оқушы танымдық қосымша білім алып отыр және осы оқушылар орталықтың ұйымдастыратын саяхаттары мен демалыс лагерьлеріне т.т. шараларына шақырылып, қатыстырылып келеді.

Ал 63 мектепке  жүргізілген  зерделеуде барлық 44 мектеп музейлері мен 47 жылыжайдың 29-ы қаралып,  тиісті әдістемелік көмек көрсетілді және 2024 жылдың ішінде 17 мектеп музейі паспортталуға ұсынылды.

Облыстың барлық білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен білім алушыларының «Өмір сүр – Жер!»; «Ғаламшарды бірге сақтаймыз»; «Таза табиғат» акциялары мен «Жасыл үй», «Жасыл мекен» челлендждері жүргізілді (Қатысушылар-86158, оның ішінде қаладан-24614).Жоғарыда келтірілген шараларға  барлығы  87 303 адам  және 95 білім беру ұйымы қатыстырылды.

Республикалық оқу - әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастырған 2 апталық 80 сағаттық академиялық курсынан бес әдіскер өз білімдерін жетілдірді.

Орталықтың танымдық - білімдік шараларына Ақтау қаласы, Түпқараған және Мұнайлы аудандары білім алушылары мен мұғалімдері белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бұл қалалық/аудандық оқу әдістемелік орталықтарының жауапкершіліктерін, ұйымдастыру деңгейлерінің жоғарылағандықтарын көрсетеді.

Республикалық жетістіктеріміз:

Көрсетілген әдістемелік көмек, семинарлардың нәтижесінде «Европа-Азия» республикалық туристік фестивалінен облыс мұғалімдері түрлі номинациялардан он жүлделі орындарды иеленді.

«Табиғатты аяла» республикалық форумының «Экотеатр» номинациясынан Ақтау қаласының оқушылары  І орын; «Туған өлкемнің бояулары» номинациясынан Мұнайлы ауданының оқушысы ІI орын жеңімпазы атанды.

«Жер - біздің ортақ үйіміз!» республикалық байқауы номинацияларынан 15 оқушы - 1 орын; 13 оқушы - 2 орын; 11 оқушы 3 орын дипломымен марапатталды

VIII Республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысқан 22 оқушының жетеуі, оның ішінде Мұнайлы ауданының үш оқушысы, Ақтау қаласы мен Түпқараған, Бейнеу аудандарының төрт оқушысы жүлделі ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Олардың ішінде ІІ орын алған екі оқушы 50%, ІІІ орын алған бес оқушы 25% Туризм және спорт академиясының оқу ақысының жеңілдіктеріне ие болды.

Барлық шаралар әлеуметтік желілерде уақытылы жарияланды. 

61 тақырыптық роликтер дайындалып, ФБ -115; Инстаграмда -105; Білім басқармасының сайтында (инстаграм) - 30; Орталықтың ресми сайтында - 67; барлығы - 378  жарияланым салынды. ФБ,; Инстаграм желілеріндегі қаралым 22313-тей болды, бұл орталық өткізген шаралар туралы кері байланыстың да жақсы келе жатырғанын көрсетеді.

Орталық директоры  А. Темірланова

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Орталық жарғысына сәйкес білім алушылар мен педагогтердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыстарын мазмұнды ұйымдастыру, жастардың тұлғалық ...