Орталық жаңалықтары

VIII Республикалық « Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсы

Қазақ спорт және туризм академиясы мен Ш. Уалиханов атындағы Туризм академиясы  ҚР Оқу – ағарту  министрлігімен бірлесіп, а.ж. 21 сәуір күні VIII Республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік – өлкетану – экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсын  қашықтықтан ұйымдастырды.

Конкурс Қазақстанның әр өңірінен туризм, экология, өлкетану бағыттарында жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында  «Туған өлке шежіресі», «Жас экскурсовод», «Туризм – бұл біз» номинациялары бойынша өткізілді. Аталмыш конкурсқа Маңғыстау облысынан 22 білім алушы қатысып, 7 қатысушы төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.

«Туған өлке шежіресі» номинациясы бойынша:

III орын – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің  9 сынып оқушысы Зидулла Нұрсұлу;

«Туризм – бұл біз» номинациясы бойынша: 

II орын – Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Мақсұт Салтанат;

III орын – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Рахметова Сабина және Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Мирасқызы Дильназ, Тыныштық Ғазизмәлік;

«Жас экскурсовод» номинациясы бойынша:

II орын – Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ходжагалиева Альбина;

III орын – Мұнайлы ауданы,  №4 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Жомартқызы Жаннұр.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

title=title=title=title=title=title=title=


Орталықтың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Белсенді туристік саяхат түрлерін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында ағымдағы жылдың 26 ...

«Туризм», «Өлкетану» және «Экология» үйірмелерінің жетекшілері арасында  өткен «Үздік бағдарлама-2022» байқауына қатысушылардың заманауи ...

Өтетін уақыты: 2023 жылы, 24 қаңтар. Сағат  10.00-де. Өтетін орны: Ақтау қаласы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы.  ...

«Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауын қашықтан өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер  ...

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып білім алушылары арасында жас ...

2022 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, да «Тәуелсіз Қазақстан – байтақ елім» тақырыбындағы дөңгелек үстелі ...

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 08.12.2022ж.  № 2543 және Маңғыстау облысының білім ...