Орталық жаңалықтары

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңі

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 08.12.2022ж.  № 2543 және Маңғыстау облысының білім басқармасының  08.12.2022ж. 196 нқ бұйрығын негізге ала отырып, Маңғыстау туризм колледжінің базасында Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары арасында эко – бағдарланған қызмет және орнықты даму туралы түсінікті қалыптастыру , азаматтардың экологиялық қауіпсіздігі жағдайын жақсарту және экологиялық білімін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2022 жылдың 9 желтоқсан күні «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурсқа Маңғыстау облысының экология департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Eco WasteAktau» ЖШС компаниясының өкілдері қатысты.

Облыстық білім беру ұйымдарынан қатысушы 4 білім беру ұйымы ережеге сәйкес «Жасыл Қазақстан: экологиялық ағарту және ақпараттандыру», «Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы» номинациялары бойынша білімдік, танымдық жұмыстарын  қоршаған ортаны қорғау,  экология саласында жүргізілген ғылыми зерттеу және жоба жұмыстарын; экологиялық білім беру   бағытында өткізілген қосымша сабақтарын, экологиялық қауымдастықтың өкілдерімен жүргізілген жұмыстарын есептік фото және бейне материалдар мен презентациялар арқылы таныстырды.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:

«Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы» номинациясы бойынша - Қарақия  ауданы, «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»;

«Жасыл Қазақстан: экологиялық ағарту және ақпараттандыру» номинациясы бойынша - Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беретін мектебі»

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алды.


title=title=title=title=title=title=


Каспий теңізінің өзекті экологиялық проблемаларын көтеруге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында, 2024 жылдың 15 мамыр күні ...

Өтетін уақыты:  2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді.  Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің»  базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...

Ағымдағы жылдың  23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...

Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...

Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...