Орталық жаңалықтары

Білім алушылардың «Әлем глобусы» облыстық экологиялық зияткерлік байқауы

Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 қарашасында Ақтау қаласы, №11 лицейінде «Әлем глобусы» облыстық экологиялық зияткерлік байқауы ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты еліміздің экологиялық мәселелеріне назар аударту, табиғатты қорғай білу және жасөспірімдердің зияткерлік  қабілет, дағдыларын  қалыптастыру мақсатында  өткізілген байқауға аудан, қалалардан 14-16 жас аралығындағы 23 білім алушы қатысты.

Байқау «Әлем тынысы», «Адам және әлем», «Табиғат жанашыры» тақырыптары бойынша үш бағытта жүргізілді.   

Қатысушылар «Quizizz» сайтынан 60 сұрақтан тұратын тест жұмыстарын, экологиялық апаттар туралы жылдамдық сұрақтарын және «Loyteka» сайтындағы квест тапсырмалары мен ребустарды шешті.

Байқау қорытындысымен І орынды Ақтау қаласының №12 және №21 мектептерінің «Натуралистер» құрама тобы; ІІ орынды Түпқараған ауданы С. Шапағатов атындағы мектеп гимназиясының «Заңғар» тобы мен Жаңаөзен қаласының №8 ЖББМ «Ғалам құрылысшылары» тобы; ІІІ орынды Мұнайлы ауданы, №15 ЖББМ «Фукусима» тобы мен Жаңаөзен қаласы «Білім инновация лицейінің» «Болашақ» топтары иеленді.

Жүлдегерлер білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=