Орталық жаңалықтары

«Туризм,өлкетану, экологиялық бағытта білім берудегі ізденістер» тақырыбындағы облыстық семинары

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін жандандыру, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында  білім беру ұйымдарының, туризм, өлкетану, экологиялық бағытындағы 60-қа жуық үйірме жетекшілерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Ш.Есенов атындағы КМТжИУ «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының оқытушысы Қ.Ирисгелдиев, «Инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім беру проблемасы», Ақтау қаласы, «IT мектеп - лицейінің» география пәні мұғалімі Ж.Миняжева «География сабағында экологиялық білімді дамыту», Түпқараған ауданы, «М.Горький атындағы мектеп - лицейінің» Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ж.Таспаев «Жаяу  жорық», Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің география пәні мұғалімі Қ.Байназаров «Маңғыстаудың сакралды орындары атты авторлық бағдарлама жұмысы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Баяндамашыларға қатысушылар бірнеше сұрақтар қойып, тиісті жауаптар ала білді. 

Семинар соңында қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, өз іс - тәжірибесімен бөліскен және белсенді қатысқан спикерлерге сертификаттар табысталды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=