Орталық жаңалықтары

Білім алушылардың шатырлы лагерінің бірінші ауысымы

Білім басқармасының 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім алушылардың жазғы демалысын тиімді, сапалы ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 10-22 шілде күндері Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауында 3 күндік шатырлы лагері 4 ауысыммен ұйымдастырылады. 

Туристік лагерьдің бірінші ауысымында (10-12 шілде күндері) Маңғыстау және Түпқараған аудандарының 90 баласы демалды.

Лагерь бағдарламасына сәйкес, демалушылар Форт Шевченко қаласының тарихи-мәдени нысандарына, музейлерге және Ақеспе шатқалына танымдық экскурсия жасады. Лагерьдің үшінші күні демалушылар Ақтау қаласындағы «Tree of life» демалыс базасында өткізді. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=