Орталық жаңалықтары

Білім алушылардың туристік шатырлы лагерінің екінші ауысымы

13-15 шілде күндері Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауында білім алушылардың туристік 3 күндік шатырлы лагерінің екінші ауысымы өткізілді. Лагерьдің екінші ауысымында Ақтау қаласы мен Қарақия ауданынан 90 білім алушы қамтылды.

Демалыс барысында балаларға кешкі алау, спорттық ойындар және туристік дағдыларды игеру, сонымен қатар, Форт Шевченко қаласының тарихи-мәдени нысандарына, музейлерге, «Торыш» тасты шарлар алқабына экскурсия жүргізілді. 

Лагерьдің үшінші күнгі бағдарламасы Ақтау қаласындағы «Tree of life» демалыс кешенінде жалғасты. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=