Орталық жаңалықтары

Білім алушылардың туристік шатырлы лагерінің төртінші ауысымы

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауында білім алушылардың үш күндік туристік шатырлы лагерінің төртінші ауысымы 20-22 шілде күндері аралығында өткізілді. Туристік лагерьге Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының 90 оқушысы қамтылды.

Төртінші ауысымда демалушыларға Саура шатқалына экскурсия ұйымдастырылды. 

Туристік шатырлы лагерінің жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысқан Түпқараған аудандық әкімдігіне, аудандық білім бөліміне, сонымен қатар ата-аналар мен демалушыларға(360 білім алушы) және тәрбиешілерге өз алғысымызды білдіреміз.

title=title=title=title=title=title=title=