Орталық жаңалықтары

Білім беру ұйымдарының музей жетекшілері арасында «Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинары

Орталықтың 23.02.2023 жылғы №14нқ бұйрығына сәйкес, өлкетану жұмысын ұйымдастыру мен жүргізудегі музей жетекшілерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Ақтау қаласы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарының музей жетекшілері арасында «Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Аталған шараға 36 білім беру ұйымының музей жетекшілері қатысты.

Семинарда Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоғаммен байланыс менеджері Наушабаева Алия Асқарқызы: «Музейдің қоғамдағы рөлі», С. Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының музей жетекшісі Мамедалиева Гульмира Дүйсенгалықызы: «Серікболтану: кеше, бүгін, ертең», М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының музей жетекшісі Бимағамбетова Ақерке Набиқызы «Мектеп музейі – рухани құндылықтар орталығы», Қарақұдық жалпы білім беретін мектебінің музей жетекшісі Бесінбаева Жания Өмірбайқызы: «Музей – тарихтың айнасы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Бағдарлама бойынша А. Наушабаева өзінің баяндамасында Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімдері, өлкетану бағытында атқарылып жатырған іс-шаралары және білім беру ұйымдарының білім алушыларына музей мамандарының дәріс өткізуге даярлығы туралы атап өтті.

Г. Мамедалиева өлкенің географ ғалымы, мифология саласының зерттелуіне үлес қосқан С.Қондыбай құрметіне ашылған мектеп музейінде атқарылып жатырған «Серікбол-Ғалам» ғылыми-мәдениеттанымдық эстафетасы, «Серікболтану» тақырыбындағы факультатив, үйірме жұмыстарымен таныстырып, музейге 3D экскурсиясын жүргізді.

А. Бимағамбетова журналист, публицист М.Әбдіхалықовтың атына берілген музейдің құрылуы, экспозициялық көрінісінің жасақталуы, жинақтаған құжаттар мен жәдігерлер туралы еңбектерімен таныстырып, музейде жүргізілетін 3 тілді экскурсиясы бейнеролигін көрсетті.

Ж. Бесінбаева Қарақұдық мектебінің өлкетану бағытындағы музейі тарихымен, ерекшелігімен, жүргізілген іздеу-зерттеу жұмыстарында табылған жәдігерлерімен, сондай-ақ, музейді жасақтау барысындағы еңбектері жарияланған мақалалары мен баспадан шыққан кітаптарын таныстырды.

Сонымен қатар, орталықтың туризм-өлкетану бөлімінің жетекшісі Қ. Сұлтан музей құжаттарының рәсімделуі, экспозициялық көрінісі, қазіргі мектеп музейлерінің деңгейі туралы сөз қозғап, құжаттардың үлгілерімен бөлісті.

 

title=title=title=title=title=title=


Өтетін уақыты:  2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді.  Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің»  базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...

Ағымдағы жылдың  23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...

Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...

Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...

Өтетін уақыты: 26 сәуір 2024 жыл, сағат 10:00. Өтетін орны: Ақтау қаласы, Облыстық «Оқушылар сарайы» базасы. Мақсаты: Балалар мен жастарда ...