Орталық жаңалықтары

Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің «Еуропа - Азия» облыстық туристік фестивалі

13-14 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында «Еуропа - Азия» облыстық туристік фестивалі Түпқараған ауданы, Таушық ауылында өткізілді. 

Фестивальге жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 48 педагогі  қатысты.

Қатысушылар фестивальдің теориялық кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған туристік мақалаларын, туристік жорықтар аясындағы жорық картасы мен күнделігін ұсынып, онлайн сабақ бейнеролигін көрсетті. Туристік-спорттық кезеңде «жеке» және «спорттық лабиринт» қашықтықтары бойынша топ капитандары түрлі туристік кедергілерден өтіп, лабиринт ішіне жасырылған бақылау пункттерін карта-схема арқылы тапты. «Туристік тұрмыс және дағды» кезеңінде бивуак құру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен қажетті туристік құрал-жабдықтардың маңыздылығымен таныстырып, кешкі алау жанында бард әндері шырқалды. 

Практикалық кезеңде педагогтердің туризмнің белсенді түрлері бойынша кәсіби шеберліктерін шыңдау, анықтау мақсатында «Аспалы өткел», «Қаз-қатар қадамдау» (гусиный шаг), «Параллельді өткел», «Бурелом», «Маятник», «Траверс», «Бабочка» сынды туристік кедергілер жолағы ұйымдастырылды. 

Қазылар алқасының шешімімен:

I орын – Ақтау қаласы, №13, №19 мектеп-гимназияларының «Шың» құрама тобына;

II орын – Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы мен Н. Жұбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің «Биіктік» және Жаңаөзен қаласы, №8, №18 жалпы білім беру мектептерінің «Қашаған жастары» құрама топтарына;

III орын – Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беру мектебінің «Желтау» және Түпқараған ауданы, А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің «Тенгри» топтарына білім басқармасының дипломдары мен кубоктары табысталды.

Сондай-ақ, көрсеткен жоғары жетістіктері үшін: 

«Балалар туризмі туралы бір үзік сыр» номинациясы бойынша – Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беру мектебінің педагогі Басшиева Жанат;

«Менің кіші Отаным» номинациясы бойынша – А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің педагогі Диаров Гиззат;

«Туризмнен онлайн сабақ» номинациясы бойынша – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының педагогі Мырзабекова Бақтыгүл;

«Спорттық лабиринт» қашықтығы бойынша – Ақтау қаласы, №19 мектеп-гимназиясының педагогі Сағатова Алтынай;

«Жеке» қашықтығы бойынша – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының педагогі Кемалов Бекбол;

«Бард әндері» номинациясы бойынша – Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің педагогі Маратов Елдар облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының алғысымен марапатталды. 

Қыркүйек айында Орал қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алған қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Өтетін уақыты:  2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді.  Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің»  базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...

Ағымдағы жылдың  23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...

Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...

Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...

Өтетін уақыты: 26 сәуір 2024 жыл, сағат 10:00. Өтетін орны: Ақтау қаласы, Облыстық «Оқушылар сарайы» базасы. Мақсаты: Балалар мен жастарда ...