Орталық жаңалықтары

Педагогтер арасында «Climbing» облыстық туристік сайысы

Білім басқармасының іс - шаралар жоспарына сәйкес, 06.10.2023ж. № 137нқ бұйрығы негізінде Маңғыстау туризм колледжінің базасында 12 қазан күні педагогтердің туристік - спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты насихаттау, туристік - өлкетану жұмыстарының дәстүрлі, инновациялық формаларын мен әдістерін дәріптеу мақсатында «Climbing» облыстық туристік сайысы өткізілді.

Туристік сайысқа жалпы және бағынысты білім беру ұйымдарынан  7 топтан 28 педагог қатысты.

Сайыстың   ережесіне сәйкес педагогтер «Жылдамдық», «Альпинист», «Траверс», «Жумаринг», «Түйін байлау» кезеңдері бойынша туристік - спорттық шеберліктерін шыңдады.

Қазылар алқасы туристік сайысқа қатысқан педагог топтарды төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:

Жүлделі І орынға – Ақтау қаласы , №13 гимназиясының «Ақтау» тобы ;

Жүлделі IІ орынға Мұнайлы ауданы9 жалпы білім беретін мектебінің «Эверест» тобы;

Жүлделі IІ орынға – Қарақия ауданы №5   жалпы білім беретін мектебінің «Каспий» тобы;

Жүлделі ІII орынға Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің «Жалын» тобы;

Жүлделі ІII орынға Бейнеу ауданы, «Боранқұл» жалпы білім беретін мектебінің «Желтау» тобы.

Жүлделі IIІ орынға Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Отпан» тобы иеленді.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=