Орталық жаңалықтары

Педагогтердің «Үздік бағдарлама - 2023» облыстық байқауы

Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қарашасында Ақтау қаласы, Туризм колледжінің базасында педагогтердің «Үздік бағдарлама - 2023» облыстық  байқауы ұйымдастырылды.

Жалпы білім беру ұйымдарындағы туризм, экология және өлкетану үйірмері жетекшілерінің білімдік - танымдық біліктілігін арттыру, педагогикалық идеялар мен практикаға қолжетімділігін қамтамасыз мақсатында  өткізілген байқауға аудан, қалалардан 19 педагог қатысты.

Байқау «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік педагогикалық жоба», «Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат маршруттар» тақырыптары бойынша үш бағытта жүргізілді.   

Қатысушылар ережеге сәйкес, «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік педагогикалық жоба» номинациялары бойынша - білім беру ұйымдарында туризм, өлкетану және экология үйірмелерінде әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар және дәстүрлі, дәстүрлі емес ашық сабақтар өткізу бойынша жасақталған нұсқаулар, педагог портфолиосынан жинақталған жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат маршруттар» номинациясы бойынша - туған өлкенің флорасы мен фаунасын зерттеу, өлкенің тарихи - мәдени орындары және табиғи ескерткіштеріне арналған жорық, экспедиция саяхаттарының бағдарламалары мен бейнероликтерін ұсынды.

Байқау қорытындысында жүлдегерлер төмендегідей марапатталды. 

«Үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы бойынша:

І орынды Түпқараған ауданы,  Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі Абдуллаева Ақтоты Сабырғалиқызы;

ІI орынды Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебі Серікбаева Гүлнұр Идрейсқызы;

ІI орынды Ақтау қаласы, «И. Жанболатова атындағы №15 мектеп-гимназиясы Азаматова Гүлжамал Мырзабайқызы;

ІII орынды Маңғыстау ауданы,  «Н. Жұбаев атындағы» жалпы білім беретін мектебі Бисекенова Тоқжан Мұттахиқызы;

ІII орынды Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы Малдыбаева Асемгүл Бибергенқызы.

«Үздік педагогикалық жоба» номинациясы бойынша:

ІI орынды Түпқараған ауданы, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі Қызықбайқызы Жансая;

III орынды Жаңаөзен қаласы, №8 жалпы білім беретін мектебі Жауынбай Арайлым Шабайқызы.

«Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат

маршруттар» номинациясы бойынша:

І орынды Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы  Абилова Анель Санмұратқызы;

ІI орынды Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі Тоқсанбаева Оралхан Тоқсанбайқызы;

III орынды Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебі Мақсат Нұрбол Бердыбекұлы.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=