Орталық жаңалықтары

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Жас турист – 2023» облыстық туристік слеті

1-2 қараша күндері Түпқараған ауданы, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт – Шевченко мектеп лицейі мен орталық саябағында жастар арасындағы туристік-спорттық білім мен дайындықты дамыту және туристік көпсайысты насихаттау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Жас турист – 2023» облыстық туристік слеті өткізілді.

Туристік слетке 10 топтан 60 студент қатысып, 2 күндік шарада спорттық шеберліктерін, бейімділіктерін шыңдай түсті.

Слеттің біріктірілген туризм бойынша «Аспалы өткел», «Параллель сүйеніштер» «Вертикальный маятник», «Спуск-подъем», «Гусиный шаг», «Алау жағу», «Траверс», «Бурелом» кезеңдері аудандық саябақта ұйымдастырылды.

Студенттер кешкі алау жанында туристік әндер шырқап,  танысу кешіне қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен, жүлделі орындар:

І орын – Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің «Энергетик жастары» тобына;

ІІ орын – Мұрын жырау Сеңғірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің «Азимут» тобына;

ІІ орын – Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Алау» тобына;

IІІ орын – Бейнеу гуманитарлық колледжі «Жалын» тобына,

IІІ орын – Болашақ колледжінің «Болашақ» тобына;

IІІ орын – Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінің «Ақкетік» тобына табысталды.

Барлық жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!

 

title=title=title=title=title=title=