Орталық жаңалықтары

«Экоәлем» облыстық олимпиадасы

Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Ақтау қаласы, №8 жалпы білім беретін мектеп базасында білім алушылар арасында «Экоәлем» облыстық олимпиадасы екінші мәрте ұйымдастырылды. 

Қоршаған ортаға саналы түрде қарауға,  материалдық құндылықтарды қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық мәдениетке қол жеткізуге, рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу мақсатында өткізілген байқауға аудан, қалалардың 8-10 сынып оқушыларынан 41 білім алушы қатысты.

Олимпиадада қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, әр сыныпқа ұсынылған экологиялық тақырыптар бойынша эссе жазды. Сонымен қатар, «Кім жүйрік?» айналымында «Quizizz» қосымшасымен қойылған сұрақтар арқылы өз жылдамдықтарын көрсетті. 

Қазылар алқасының қорытындысымен 8 сынып бойынша:

I орынды  Өмірсерікова Анель, Жаңаөзен қаласы, №14 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;

II орынды Тұржанова Аружан, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының  оқушысы мен Қуанғали Марта, Түпқараған ауданы, F.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің оқушысы;       

III орынды Үсенқызы Гаухар, Жаңаөзен қаласы, №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы мен Акбалат Гульмира, Мұнайлы ауданы,  «I.Altynsarin School-Lyceum» қазақ ұлттық мектеп-лицейінің оқушысы және Құланбаева Асылжан, Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;                                 

9 сынып бойынша:

I орынды Қалдыбаева Инабат, Жаңаөзен қаласы, №23 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;

II орынды Бақтыгерейқызы Ақниет, Жаңаөзен қаласы, №24 лицейі мен Қосай Камила, Ақтау қаласы, №13 гимназиясының оқушысы; 

III орынды Ералхан Ануар, Мұнайлы ауданы, №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы мен Джумабай Ұлмекен Оразбайқызы, №6 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы және де Давидкул Жаннұр, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы;   

10 сыныптар бойынша:

I орынды Амангелдиева Айназ, Жаңаөзен қаласы №24 лицейінің оқушысы;       

II орынды Қылычмұрадов Айтжан, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің оқушысы мен Сұлтанова Қарақат, Бейнеу гимназиясының оқушысы және Ахмет Дариға, Жаңаөзен қаласы, №8 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;

III орынды Қуанай Әдемі, Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы мен Задагереева Жаcия, Түпқараған ауданы, F.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің оқушысы иеленді.

Жүлдегерлер білім басқармасының дипломдарымен және қаржылай марапатталды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=